Бас тақырыпЖаңалықтар

«Шұбаркөл» 57 қызметкеріне баспана берді

ERG құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ-ы 57 қызметкеріне жаңа пәтер кілтін тапсырды. «Шұбаркөл көмір» АҚ әлеуметтік бағытталған кәсіпорын ретінде, көпбалалы отбасыларды, еңбек өтілі зор кеншілерді және болашағы мол жас мамандарды, қат маман өкілдерін алдыңғы қатарға қойып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына баса көңіл бөлуде.

Баспанамен қамту – сондай шараның қатарынан. Аумағы 41 шаршы метрден бастап, 94 шаршы метрге дейінгі пәтерлер Қарағанды қаласында халық тығыз қоныстанған аудандардың біріндегі көпқабатты үйлерде орналасқан. Пәтерлер кейін сатып алу құқығымен жалдамалы баспана ретінде берілді.

– Әрине, қуаныштымыз. Енді екі бөлмелі, жайлы пәтеріміз бар. Жаңа баспананы жеңілдік шарттарымен алу, «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның тарапынан өз қызметкерлеріне жасаған қолайлы жағдайы деп білемін. Бұл болса, қызметкерлердің жұмыста өнімділікке жетуіне ықпал етері даусыз, – дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының инженері Алексей Трещев.

Пәтерлер «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» серіктестігі аясында қосымша бөлінген. Сондай-ақ, «Шұбаркөл көмір» АҚ компаниясы қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатындығын атап отыр.

Жалпы, ERG баспана бағдарламасы аясында Топ кәсіпорындарының қызметкерлеріне 2015-2018 жылдары 702 пәтер бөлінді. Жаңа баспанамен қамту ERG барлық кәсіпорындарында жалғасуда.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button