Бас тақырып

Семей облысындағы өрттің түтіні Жетісуға жетті

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті салдарынан жел бағытының өзгеріп, өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.

Семей орманындағы алапат өртке байланысты бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button