Жаңаарқа

Сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

   Жақында Жаңаарқа аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің ұжымы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған дәрістер жүргізді. Білім беру саласының қызметкерлері, дінтанушылар мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен өткен семинар екі күнге созылды.

Теолог Айдос Әбдірашов өткізген бұл іс-шара тұрғындардың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризм идеялары өрістеуінің алдын алуға, төзімділік, өзге діндерге құрмет, қоғам мүшелерінің құқықтары мен бостандығын сыйлай білуді сіңіру, зайырлы мемлекеттің дәстүр, салтына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.

Семинарды ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Әбдіғалымұлы жүргізді. Қатысушыларға тақырыпқа сай баспа материалдары таратылды. Дінге деген түрлі көзқарас пен һақ ислам атын жамылған әртүрлі ағымдар жайында бейнефильмдер көрсетілді. Жиын соңында сауалнама жүргізіліп, сынақтан сүрінбей өткендерге салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button