Жаңалықтар

«Сарыарқа» жеңіске жетті

Қарағандылық “Сарыарқа” хоккей клубы жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) чемпионы атанды. Финалдық бәсекеде қарағандылық команда Ресейдің Түмен қаласынан келген “Рубин” командасынан 4-1 есебімен басып түсті.

Шешуші ойында «Сарыарқа» сапында өнер көрсеткен Артур Сарваров, Эмиль Нұрғалиев, Олег Ломако және Максим Кицындер шайба соғып, командаластарына жеңіс силады.  

«Біз ауыр жолды өткердік, бұл жеңіс бізге оңай тимеді. Шынымды айтсам, төрт айдың ішінде осындай жігерлі команда құрып, стереотиптерді сындыра аламыз деп ойламадым»,-деді қарағандылық клубтың жаттықтырушысы Леонид Тамбиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында. Ол сондай-ақ ойыншылар мен жанкүйерлерге сенім артқаны үшін алғысын білдірді.

Жоғары хоккей лигасының осы маусымында Ресей, Қазақстан және Қытайдан жиналған 29 клуб өнер көрсетті. Қарағандылық “Сарыарқа” хоккей клубы осымен екінші мәрте ЖХЛ чемпионы атанды.  

Басқа материалдар

Back to top button