Жаңалықтар

Сарыарқа – достық мекені

Қарағанды – ұлан-ғайыр мемлекетіміздің ең ірі облыстарының бірі. Өзара түсіністік пен құрмет орын алған бұл киелі мекенде 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Олар – мәдениет, спорт, медицина, ғылым, еңбек, білім беру саласындағы ең үздік мамандар, олар – орыс, шешен, неміс, поляк, кәріс, әзірбайжан және тағы басқа ұлт өкілдері…

Ұлттық дәстүрлерді, тілді, мәдени мұраны сақтап дамытуды ғана емес, сондай-ақ, мәдениеттердің ықпалдасуына әсер етіп, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің нығаюын көздейтін шараларды бірлесе ұйымдастыру – ұлтаралық татулық, этностар достығы мен толеранттылықтың белгісі. Міне, осылар еліміздің ішкі және сыртқы саяси табыстылығына алып келді.

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналған, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. Оның қызметі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және жаңа әлеуметтік бастамаларды ілгерілету бойынша ғылыми-ағартушылық жобаны іске асыруға қатысты жұмыстарды жүргізуге, қайырымдылық жұмыстарын, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» жаңа жастар қозғалысының жұмысын жалғастыруға және жандандыруға, этномәдени бірлестіктерге жан-жақты көмек көрсетуге, олардың тілдерін дамытудың өзекті мәселелерін шешуге, салт-дәстүрлерді сақтауға, жастарды біздің бай тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеуге арналған.

Облыста 55 этномәдени бірлестік, оның ішінде 25 – облыстық, 30 – қалалық және аудандық бірлестік жұмыс жасайды. Қалалар мен аудандарда облыстық қоғамдық бірлестіктердің 4 филиалы және 23 бастамашыл тобы бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы Даланың жеті қыры» және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстелдер, конференциялар, танымдық ойындар мен байқауларды тұрақты өткізу үрдіске айналған.

Басты мақсат – еліміздегі татулық пен бірлікті, келісім мен бейбітшілікті сақтап, қазақстандықтардың рухани күш-қуатын арттыру. Этностардың бас қосып, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғыртып, дәріптейтін ордасы – Достық үйі бар. Қасиетті Ұлы Даламыз ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдырса, бүгінде Достық үйі ұлттар пен ұлыстардың жылы ұясына айналған.

2003 жылы «Литуаника» деген атпен ұйым құрдық. Ең алғашқы қадамымыз сәтті болды, ал, «Достық» үйі ашылғалы тынысымыз кеңейіп, рухани жаңғыруға бағыт алған қадамымыз бен мүмкіндіктеріміз арта түсті. Бұл облыстағы 22 ірі этностың басын біріктірген үлкен достық шаңырағы – зәулім ғимарат.

Виталий Тварионас,

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының

Қайырымгерлер мен меценаттар клубының төрағасы,

«Литуаника» литва орталығының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button