АймақСаран

Сарандағы серпіліс

Саран айналдырған екі-үш жылдың ішінде өрлеуге бет бұрған шаhарға айналып шыға келді. Атап айтқанда, мұнда экономиканың әр секторына серпін беретін зауыттар ашылды.

Бұл орайда, алдымен ауызға ілінетіні – автобус шығаратын «QazTehna» зауыты. Оған 12 млрд. теңгеге жуық инвестиция құйылған. Бұл зауытта жылына 1200 қоғамдық көлік шығарылады. Қазір көлік құрас­тырылатын өндіріске жергілікті қала тұрғындарынан бөлек жан-жақтан жұмыс іздеп келушілер қарасы көбейіп келеді.

– Мен зауытқа қатардағы жұмысшы ретінде қабылдандым. Өндіріспен қатар өсіп, өркендеп келемін. Қуанарлығы, ұтымды тәжірибе жинадым. Бұл жерде осындай бағыт ұстанған үміткерлерге таптырмас мүмкіндік бар. Зауытта жаңадан келушілерге корпоратив университеті жұмыс істейді. Онда арада біліміңді толықтырып қана қоймай, өнеркәсіптің сан қырлы құпиясын үйренуге болады. Өзімді жетілдірудің арқасында жарты жылда әжептәуір жетістікке жеттім, – дейді жас маман, «QazTehna» ЖШС жинақтау бөлімінің шебері Ілияс Өмірбаев.

Отандық нарықты «Қазақстанда жасалған» маркалы тұрмыстық техникалармен толықтыратын күн алыс емес. Дәл осы Саран шаһарында «Silk Road Electronics» зауыты келер жылдан бастап толық қуатта жұмыс істеуге көшеді. Бұл дегеніңіз, Сараннан жылына 1 млн. техника шығарылады деген сөз. Кәсіпорын Өзбекстанмен бірлесіп ашылған. Өндіріс толық қуатына шыққанда қосымша 1 мыңға жуық жұмысшы қабылданады.

– Бүгінде 175 жұмысшы еңбек етуде. Әзірге 7 бағыт бойынша жеткізілген техникалар орнатылды. Жұмысқа әзірлік қарқын алды. Онымен бірге мамандардың білімін толықтыру да қатар жүріп жатыр, – деп мәлімдеді «Silk Road Electronics» ЖШС басшысы Талғат Әбдірахманов.

Қазақстанның ең ауқымды өнеркә­сіп нысандарының қатарына енетін «Ka­maTyresKZ» зауыты да Саранда. Мамандардың мәлімдеуінше, жобаның құны 220 млрд. теңгеге бағаланған. Кәсіпорында жылына 3,5 млн. шина шығарылады. Зауыттағылар келешекте кәсіпорынның стра­тегиялық аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button