Саран

Саранда серпіліс бар

   Саран қаласы Арқаның қысына әзір. Бұл жөнінде Саран қаласының әкімі Анатолий ШКАРУПА аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қала бойынша жылыту маусымы уақытында басталды. 254 көпқабатты тұрғын үйдің, 14 жергілікті әлеуметтік нысанның, 24 қазандықтың қысқа сақадай екендігін жеткізді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жолында міндеттелген мәселелерді межелеу қадамы қарышты. Себебі, халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартуға, экономикалық инфляциялық үдерістерді тежеуге, әлеуметтік салаға жете назар аударған шаһар басшысы ілгерлеуге ілкімді істер атқарып жатыр екен.

Кәсіпкерліктің қанатын кеңге жаюына мүмкіндік жасалып, 3,3 млрд. теңгемен қаржыландырылған. Оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 6 жоба мақұлданған. Құны 9,9 млрд. теңге тұратын жобалар 360 адамды жұмыспен қамтымақ. Ағымдағы жылда жалпы құны 290 млн. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылса, 156 адамға тұрақты жұмыс орны табылмақшы. Тіпті, 72 жобаға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдау жасалған. 500 кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетілген. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы арқылы 6 жоба субсидиаланған. Бұл алдағы уақытта бірнеше адамның екі қолына бір күрек табылады деген сөз. Айтпақшы, 2016 жылдың 9 айында 1385 адамның жұмыс туралы өтініші қабылданып, олардың 1015 адам жұмысқа орналасқан. Жөндеу жұмыстары да жүйеге қойылған. Осы жылы 43 инженерлік коммуникациялар, 35 электрлік қосалқы станциялар жөнделген. Осы орайда, «Жасыл» энергетика саласындағы Чехия мен Словакия инвестициялық тобы «SES Saran» ЖШС-ның 100 МВт болатын күн электр станциясын салу жоба іске асатын күн жақын екендігінде атап өтті.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button