Бас тақырып

Сапар Сатаев Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Балқаш қаласының әкімі лауазымына Сапар Сатаев тағайындалды. Бұған дейін ол Приозерск қаласын басқарған.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Балқаш мәслихатының үшінші, кезектен тыс сессиясына қатысып, қаланың жаңа басшысын таныстырып, оның алдына бірқатар міндеттер қойды. Депутаттар кандидатураны мақұлдады.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. “Қазақавтожол” РМК-да жұмыс істеді, “Ботақара су қожалығы” КМҚК директорының орынбасары, директордың м. а. болды.

2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылын басқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Приозерск қаласының әкімі болды.

Бұған дейін Балқашты басқарған Қайрат Қамзин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button