Жәдігер

Сәкеннің ерні тиген кәрлен кесе

Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Сәкен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығы» атты залында ақын тұтынған заттар қойылған. Ақынның ерні тиген кәрлен кесе мен аққұман солардың қатарынан орын алған екен.

1994 жылы Жаңаарқа ауданында Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай үлкен іс-шара өтті. Соған ақынның інісі Мәжиттің жұбайы Әмина мен қызы Рымжан құрметті қонақ ретінде шақырылды.  Сол сапарда Рымжан мына қос кесе мен аққұманды музейге тарту етті. Оның айтуына қарағанда, шамамен  ХІХ ғасырдың соңы немесе ХХ ғасырдың басында Қытай фарфорынан жасалған бұл бұйымды Сәкен өзі пайдаланған. Кезінде Сәкеннің зайыбы Гүлбаһрам қайнысы Мәжитке аманаттап тапсырған екен.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button