Бас тақырып

Өрт сөндіру бекеттері көбеймек

Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында төрт жаңа өрт сөндіру бекеті құрылмақ. Мақсат – тілсіз жаумен жедел күресу.

Жаңа өрт сөндіру бекеттері Ақтоғай ауданының Ақжарық ауылы мен Сарышаған кентінде, Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылында, Шет ауданының Аққой ауылында орналасады. Бүгінгі таңда облыста осындай 45 бекет бар. Олардың басты міндеті – табиғи өртке жедел ден қою.

– Табиғи өртке дер уақытында тойтарыс беру үшін өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінде штаб әрі 200-ден астам адамнан тұратын 62 мобильдік топ құрылды, – деп хабарлады Қарағанды облысы департамент бастығы Мұрат Қатпанов. – Қауіпті кезең басталғаннан бері жалпы есептегенде 350-дей алдын алу шаралары жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар кезінде саяжай учаскелерінде құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың тоғыз фактісі анықталды. Сәйкесінше, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, облыста табиғи өртпен күресу үшін 252 ерікті құрам жасақталды. Мұнымен бірге, табиғи өртпен күресу үшін Қарағанды облысының салалық департаменті бес мультифункционалды өрт-құтқару автокөлігін, автотехникаға арналған бес ангар, бір автоцистерна және бір жедел-құтқару автокөлігін сатып алуды жоспарлап отыр.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button