Бас тақырып

Құрметті жерлестер!

Жыл сайын біз Ұлттық домбыра күнін атап өтеміз. Бұл біздің мәдениетімізді, болмысымызды сақтауға және рухани құндылықтарымызды жандандыруға арналған мереке.

 

Бүгінгі таңда домбыра, қазақтың киіз үйі мен айтысы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген. Домбырада орындалатын күйлер мен әндердің басым бөлігі біздің тарихымыздың көптеген кезеңдері жайлы баяндайды. Күйлерді тыңдай отырып, біз көп ғасырлар бұрын болған ұлт тарихы үшін маңызы ерек оқиғалар туралы білеміз. Олардың қатарында біздің заманымызға дейін жеткен үш жүздің басын қосқан ұлы Абылай ханның «Ақтолқын», «Алабайрақ», «Дүние сарсаң», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық» сынды күйлері бар. Мұндай мысалдар өте көп және бұл мұраны жас ұрпаққа жеткізу аса маңызды.

Осы уақытқа дейін халық жадында Қорқыт ата, Кетбұға, Құрманғазы, Дәулеткерей және тағы басқа ұлы күйшілердің есімдері сақталып келеді.

Сіздерді ұлттық мәдениетіміздің осынау айтулы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button