Құрметті жерлестер!

Жыл сайын 1 маусым күні Балаларды қорғаудың халықаралық күні аталып өтіледі. Мерекеге орай, біз сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – біздің кішкентай отандастарымызға деген махаббатымыз бен қамқорлығымызды танытатын таңғажайып мейрам.

Бұл мереке әрқайсымыз үшін қымбат. Себебі, бәріміз де бала болғанбыз. Сол балдай тәтті балалық шақтағы естеліктерді, жарқын сәттерді ғұмыр бойы жүректерімізде сақтап келеміз.

Біздер, ересектер үшін аталған күн аса маңызды. Біз балаларымыздың толыққанды дамуына, олардың балалық шағының қауіпсіз өтуіне жауаптымыз.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің әр сөзінде өскелең ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығы жөнінде тоқталып өтеді. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар біздің балаларымыздың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, олардың маңайында салауатты және тұрмысқа жайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға, бойындағы дарындары мен таланттарын дамытуға бағытталған.

Және барлық мақсатты жұмыстар өз жемісін беруде. Балалар оқуда, спортта, шығармашылықта биік жетістіктерді бағындыруда. Олардың табыстары – біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайтады.

Балаларды тәрбиелеуде, жан-жақты, нағыз патриот азамат болып ер жетуіне зор үлес қосып жүрген жандардың, мұғалімдер мен тәрбиешілердің еңбегін ерекше атап өткіміз келеді.

Мемлекет қамқорлығы ата-ана махаббаты мен ыстық құшағын ешқашан алмастыра алмайды. Барлық балаларға ата-ана ғана сыйлай алатын бақытты тілейміз. Балаларымыздың денсаулығы мықты, балалық шағы алаңсыз, армандарға қол жеткізудегі мүмкіндіктері мол және бал дәурендері жағымды жаңалыққа толы болсын!

Е.ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының

хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.