Облыс әкімі

Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!

Қазақстан жыл сайын 1 қазанда дәстүрлі түрде Халық­аралық қарттар күнін атап өтеді.

Бұл мереке халқымызда ежелден ерекше құрметке ие ынтымақтастық пен ұрпақ сабақтастығын білдіреді.

Аға буын өкілдеріне деген құрмет – Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін білесіздер.

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы төленіп, көлемі де арта түсуде, қарттарымызға көмек ретінде медициналық және әлеуметтік көмек жүйесі жетілдірілуде.

Сонымен қатар, қарттар күнін тойлау – біз үшін ең алдымен сіздердің өмірлеріңізді ажарландыруға, ардагерлерімізге өздерінің өмірлік тәжірибелері мен ақылдарының қоғам үшін маңыздылығын сезінуге көмек көрсету үшін тағы бір мәрте ойлануға ықпал етеді.

Бұл күн теңдессіз батыр, қажырлы әрі патриот адамдардың мерекесі. Сіздер соғыс жылдарының қиындығын қайыспай көтердіңіздер, елімізді қайта қалпына келтірдіңіздер, жанкештілікпен еңбек етіп, жас тәуелсіз еліміздің әкономикалық және мәдени әлеуетін көтердіңіздер. Cіздер қоғамның құрметіне, беделіне және абыройына шынымен лайықтысыздар.

Сіздерге өлкемізді гүлдендіру үшін қосқан еңбектеріңіз үшін, қайырымды істеріңіз бен тәжірибелеріңіз үшін ерекше құрметімді білдіргім келеді. Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңіз, ержүректіктеріңіз, табандылықтарыңыз біз үшін үнемі үлгі болмақ.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен амандық тілеймін! Әр күндеріңіз жақындарыңыздың махаббаты мен жан жылуына толы болсын!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button