Облыс әкімі

Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері!

Ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша қыркүйектің алғашқы жексенбісінде біз үшін орны ерекше кәсіби мерекелердің бірі – Мұғалім күнін атап өтеміз.

Бұл мереке – шынымен де бұқаралық мейрам. Себебі, біздің әрқайсымыз оқушы болдық. Әрқайсымыз­дың кеудемізде өзіміз жақсы көрген ұстаздың жылы бейнесі, оларға деген сүйіспеншілік сезімі сақталған.

Сіздердің терең білімдеріңіз, мол тәжірибелеріңіз, азаматтық ұстанымдарыңыз алдарыңыздағы оқу­шыларыңыздың үлкен өмірге азамат ретінде толық қалыптасып қанат қағуына зор мүмкіндік бе­реді. Сіздер Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев­тың бастамасымен қолға алынған рефор­малардың жүзеге асуына қомақты үлес қосып жүр­сіздер. Осы орайда, біз сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында еліміздегі білім беру саласының деңгейі жаңа биікке көтерілгенін сеніммен айта аламыз.

Ұстаздар қауымының қиын да мәртебелі еңбегі біздің елімізде қашан да жоғары бағаланып келеді. Ұлы Абай мұғалім қызметіне «Адамның ең жақсысы – ұстаздан» деп лайықты баға берген.

Біз өзіміздің талантты, табанды, шығармашыл мұғалімдерімізбен мақтанамыз. Сіздер үшін мұға­лім мамандығы өмірлік серіктеріңізге айналды. Республикалық деңгейде жоғары бағаға ие болған инновациялық жобалардың жүзеге асуында сіздердің сүбелі үлес­те­ріңіз бар.

Осында тамаша мейрамда бірнеше буын ұрпақ тәрбиелеген білім беру саласының ардагерлеріне жылы лебізімізді жеткіземіз.

Сіздердің еңбектеріңізге, біздің болашағымыз – балаларымыз бен немерелерімізді білім нәрімен сусындатқандарыңыз үшін мың алғыс. Мектептен түлеп ұшқан түлектеріңіз мықты маман, қайырымды да мейірімді, білімді де салауатты жандар болып өссін.

Сіздердің жүректеріңіздегі мейірім оты, кеуделеріңіздегі даналық шырағы ешқашан сөнбесін.

Қымбатты мұғалімдер, сіздерге мықты денсаулық, береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат

хатшысының

міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button