Облыс әкімі

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазан айының соңғы жексенбісінде қазақстандықтар дәстүрлі түрде кәсіби мереке – Әлеуметтік қорғау жүйесі  қызметкерлерінің күнін атап өтеді.

Әлеуметтік қызмет саласының жұмысы шыдамдылық пен құрметті талап етеді. Бұл саланың мамандары зейнеткерлерге, мүгедектерге, қолдау мен көмекке мұқтаж адамдардың барлығына қашанда көмек көрсетуге әзір. Олардың еңбегі өте қажет және ізгілікті жұмыс болып табылады.

Жалғызілікті адамдармен, өмірдің әртүрлі күрделі жағдайларына тап болған жандармен жан жылуын бөлісіп, қолтығынан демейтін, үміт шырағын өшірмейтін осындай абзал мамандық бар.

Сол үшін де баршаңызға шынайы алғысымызды айтамыз. Сіздер, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді, адамдарға нақты көмек көрсетіп келесіздер. Көмекке мұқтаж жандар Сіздерге қалтқысыз сенеді және үлкен құрметпен қарайды.

Адамдардың сенімі мен шынайы құрметіне ие болып, адал еңбектің нәтижесін көру де бір ғанибет болса керек.

Әлеуметтік саланың барлық қызметкерлерін, әсіресе, ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбекте табыс, отбасында баянды бақыт тілейміз.

Әлеуметтік қызметші күні құтты болсын!

Е.Қошанов,

Қарағанды облысының әкімі.

С.Әдекенов,

Қарағанды облыстық

мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button