Құрметті облыс тұрғындары!

Баршаларыңызды шын жүректен Еңбек күні мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл күннің күнтізбедегі мерекелер қатарында болуы барлық қазақстандықтардың еңбекке деген ерекше құрметін, қоғамымыздағы жасампаздық пен тұрақтылыққа деген ұмтылысты көрсетеді.

Заманауи Қазақстан тарихы – еңбек жетістіктерінің тарихы. Елбасы атап айтқандай, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ұсына отырып, барлық әлемдік өркениеттің, экономикалық және мәдени байлықтардың виртуалды қаржы институттарымен емес, адам еңбегімен жасалатынын көрсетеміз. Бүгінгі әл-ауқатымыз үшін біз ең алдымен тыңды игерген, зауыт-фабрикалар, жолдар, үйлер салған, шетсіз-шексіз даланы игерген алдыңғы аға буынға қарыздармыз. Біздің өндірістік өңірімізде еңбек ең құрметті орында.

Көптеген еңбек жеңістері Қарағанды облысының цехтары мен кен орындарында өрілді. Бүгінгі таңда әр қалада және ауылда өздерінің еңбек әулеттері бар. Ол жерде отбасы дәстүрлерімен бірге өз ісіне деген махаббаты, шеберлік құпиялары ұрпақтан ұрпаққа берілуде. Бес жыл бұрын Елбасы бастамасы бойынша біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруды бастадық. Осы уақыт аралығында аз жұмыс атқарылған жоқ. Жастар арасындағы жұмысшы мамандығы танымал бола бастады. Экономиканың қарқынды дамуы жағдайында білікті жұмыскерлер – алтынға пара-пар. Еңбек – қазақстандықтардың өмірінде өзіндік лайықты орнын алды.

Осы күні біз өмірін сүйікті ісіне арнаған адамдар – туған жерінің игілігіне айтарлықтай үлес қосқан  еңбек ардагерлеріне алғысымызды білдіреміз. Ендігі жас буын даңқты еңбек дәстүрлерін жалғастырады деген сенімдеміз.

Шын ниетпен мықты денсаулық, бейбітшілік, келісім және жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз.

 

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.