Облыс әкімі

Құрметті облыс тұрғындары!

Көпұлтты Қазақстан халқы үшін, соның ішінде, көпұлтты Қарағанды облысы үшін Қазақстан халқы тілдері күнінің маңызы өте зор.

Қазақстан – жүзден аса ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен келісімде, бірлік пен достықта өмір сүретін мемлекет ретінде тарихи қалыптасқан және бұл – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының бірі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, жауапты тіл саясаты қоғамды біріктіруші фактор болып табылады.

Бірліктің нәтижесінде, еліміз қазақстандық патриотизмнің негізін құрайтын, халқымыздың, ұрпағымыздың жарқын болашағына сенімділік беретін әлеуметтік-экономикалық даму жолында да керемет жетістіктерге қол жеткізуде.

Тілдерге деген құрмет, ана тілінде білім алу үшін барлық жағдайлардың жасалуы, ұлттық мәдениетті дамыту – мемлекеттік маңызды стратегияның бірі.   Стратегияның құқықтық негізі еліміздің Ата Заңы  және «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» Заңында айқындалған.

Бүгінгі күні облыста Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүзеге асырылуда.

Тілдер күні – еліміздің барша азаматтары үшін достық пен түсіністік, бауырмашылдық пен бірлік белгісі.

Облысымыздың барлық тұрғындарына бақыт, сәттілік, амандық және игі бастамаларға табыс тілейміз!

 

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды

облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button