Осакаров
Құрметті Мағауия Сланбекұлы!
Сізді және Сіз басшылық ететін облыстық «Орталық Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
«Орталық Қазақстан» газеті 85 жыл уақыт аралығында ақпарат айдынында айрықша орны бар, еліміздің рухани айнасына, Қарағанды өңірінің сүйікті басылымына айналған. Елбасы тапсырмасын орындауда, еліміздің ішкі-сыртқы саясатын халыққа түсіндіруде газет қарапайым халық санасына көркем сөз, парасатты пайыммен жеткізіп келеді.
Газет ұжымына мерекелеріңіз мерейлі істер мен толымды тірліктерге ұлассын демекпіз. Шығармашылықтың шыңынан көрініп, оқырмандарыңыз көбейе берсін!
Қаламдарыңыз қарымды болсын!
Қ.Шайжанов,
Осакаров ауданының әкімі.
Қ.САҚҚҰЛАҚОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.