ОсакаровАймақ

Бірінші болып дауыс беруді дәстүрге айналдырған

Осакаров ауданындағы №550 сайлау учаскесінде де таңғы уақыттан-ақ тұрғындардың белсенділігі жоғары. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасауға асыққан азаматтар сайлау учаскесіне ерте жиналған.

Сурет автордан

Аталған учаскеде барлығы 1 705 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 5 азамат үйде дауыс беруге ниет білдірген. Ал, 15 тұрғын биыл сайлауда алғаш рет дауыс бергелі отыр.

Сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берген аудан тұрғыны – Бірлік Баржағас. Ол үшін бұл әдетке айналған дәстүр деуге болады. Себебі, Бірлік Баржағас соңғы 10 жыл бойы әр сайлауда учаскеге алғашқылардың бірі болып келіп, азаматтық таңдауын жасап жүр.

– Бұл – тарихи оқиға. Еліміздің жарқын болашағы үшін ешкім қалыс қалмауы керек деп ойлаймын. Осындай маңызды сәтте сайлау учаскесіне бірінші болып келіп, өз таңдауымды жасауды азаматтық міндетім деп білемін. Қарап отырсам, соңғы 10 жылда сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп жүр екенмін. Бұл да өзінше бір дәстүрге айналды. Баршаңызды дауыс беруге шақырамын. Ел тағдырына қатысты маңызды кезеңде қалыс қалуға болмайды, – деді Бірлік Баржағас.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button