Бас тақырып

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, қадірлі жерлестер!

Сіздерді мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер өз өнерлеріңізбен адам жанына ең бір жарқын, ұмытылмас сәттерді сыйлап қана қоймай, осы арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеуге де үлес қосып келесіздер. Биыл сіздердің қолдауларыңызбен біз Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығын, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығын, Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдығын атап өтеміз.

Бүгінде облысымызда мәдениет саласын қолдауға барынша көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы біз облысымыздағы музыканттар мен актерлердің 40 отбасына баспана бердік. Бұл біздің өнер саласы қыз­меткерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарымыздың бірі. Биыл да бұл игі шаралар өз жалғасын табады.

Сонымен қатар, біз театрларда дыбыс­тық және жарық жабдықтарын жаңарттық. Бұл біздің өнер ордаларына одан да жарқын және есте қаларлық қойылымдарды сахналауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облысымыздың үш театры – С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театры мен К.Станиславский атындағы орыс драма театрына және Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрына автобустар сатып алынады. Бұған қоса облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залдарын қайта экспозициялауға қаражат бөлінді. Мұның барлығы мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өнер ордаларына жаңа көрермен тартуға мүмкіндік береді.

Біз сіздерді осынау жарқын мерекемен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

Ермағанбет Бөлекпаев,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен Қобжанов,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button