Облыс әкімі

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері және ардагерлері! Қымбатты өнер қайраткерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіз­дерге Отанымыздың бай әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дәріптеп, байыта түскендеріңіз үшін шек­сіз алғыс білдіреміз.

Мәдениет пен өнер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Көпұлтты мемлекетіміздегі халықтардың өзіндік ерекшелігін паш етіп, дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауға ықпал етеді. Мәдениет пен өнерді қолдау – біздің елдің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.

Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі мәдениет саласының салмақты үлесін үнемі ескереді. Және қазақстандық мәдениеттің жоғары әлеуетін сақтап қалуға жіті мән береді. Осы жылы Президентіміз өзінің Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруының басталғанын хабарлады. Рухани жаңғырудың, салт-дәстүрді сақтаудың маңызды алғышарттарын айқындап берді. Мәдени және конфессияаралық келісім бағдарламасы – еліміздің бәсекеге қабілетті болуының негізгі тетіктерінің бірі.

Қарағанды облысы әрқашан өзінің дарынды тумаларын, бай дәстүрлерін мақтан тұтады. Біздің өңір рухани құндылықтарымызды жаңғыртушылар, сақтаушылар – мұражайлар мен кітапханалар қызметкерлерінің, театрлар мен концерттік бірлестіктер қайраткерлерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының еңбегінің нәтижесінде, алтын әріппен таңбаланған мәдени қор ретінде сақталады.

Сіздер, өз еңбектеріңізбен туған тіл мен әдебиеттің, салт-дәстүрдің ұлылығын сақтап қаласыздар. Аймағымыздың мәдени және рухани әлеуетін арттыруға үлес қосасыздар.

Біз бұл күні кітапханашылардың, мұражай ісі мамандарының, жаңғыртушылардың, клуб мекемелері, кино желісі қызметкерлерінің, балалар өнер мектептері және колледждері ұстаздарының еңбектеріне, театр қайраткерлерінің, жазушылардың, суретшілер мен музыканттардың шығармашылығына құрмет көрсетеміз.

Сіздердің өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз, адамның жанына шуақ сыйлап, қуанышын еселейтін, мерекенің көрігін қыздыратын ерекше дарындарыңыз – әрбір адам мен тұтастай қоғам өміріндегі рухани-адамгершілік, патриоттық, мейірімділік пен турашылдық қасиетті еселеудің негізі.

Сіздерге кәсіби шеберліктеріңіз бен мәдениет саласына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін мың алғыс!

Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, баянды ба­қыт, амандық тілейміз! Қарағанды облысының өркендеуі жолындағы тың бастамаларыңыз бен жарқын жобаларыңыз сәтті жүзеге ассын!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button