Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Наурыз – әлемдегі ең көне мерекелердің бірі, қайырымдылық пен бейбітшіліктің бастауы. Осы күні барлық реніштер кешіріліп, дау-дамайлар тоқтатылады.
Наурыз – табиғат жаңаруының, көктем құнарлығының және достық пен ынтымақтастықтың мейрамы.
Үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқорлық жасайтын дәстүріміз бойынша Наурыз мерекесін қарсы ала отырып, қоғамда жоғары адамгершілік игіліктерді насихаттаймыз. Көктемнің жылы самалымен келетін Наурыз мерекесі елімізде бейбітшілік пен келісім орнауына ықпал етеді. Еліміздің бірлігі және халық достығы – қоғамдағы басты құндылықтар деп айтуға болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатына орай, Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастар саласында өзара түсінушілік пен татулық орнаған. Сондықтан, осы көктем мерекесінің терең мән-мағынасы біздің түсінігімізге жақын.
Саяси тұрақтылық жағдайында біз Қазақстанды барша әлемге танымал етіп, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып келеміз.
Құрметті жерлестер!
Ізгілікті істерге бағыттап, отансүйгіштік рухта елімізді біріктіретін көктемнің жадыраған Наурыз мерекесі табиғаттың ғана емес, адамзаттың рухани қасиеттерінің де жаңару кезеңі болып саналады.
Біздің барлық күш-жігеріміз, ой-санамыз және атқаратын істеріміздің бәрі еліміздің дамуына және өркендеуіне бағытталған.
Сіздерді осы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын, барлық жаңа бастамаларыңызға толағай табыс және асыл армандарыңыздың орындалуын тілеймін.
Наурыз әр шаңыраққа ырыс-береке, бейбітшілік пен молшылық әкелсін, Отанымыз – Қазақстан Республикасының аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!

Н.ӘУБӘКІРОВ,
Қарағанды қаласының
әкімі.
Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,
қалалық мәслихат
хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.