Өрге жүзген өнерпаздар

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Екі жұлдыз» эстра­далық-вокалдық конкурсы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мем­лекеттік университетінде өтті. Байқауды қала әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Жастар одағы» ҚБ ұйымдастырды.

Өнерлі жастарды жиған сайыста көркем шығармашылар жанрына, эстра­далық музыкаға көңіл бөлу және вокал орындаушыларының музыкалық талантын ашу көзделген. Осы ретте конкурсқа қатысушы жұптардың құрамы жоғары оқу орындарының студенттерінен және кә­сіби вокалистерден құралды. Тәуелсіз ел жастарының өнердегі репертуарына жаңа­лық енгізу, шығармашылық өсуіне ық­пал ету, ойлау қабілетін арттыру көз­делді.

Жастар ісі жөніндегі комитет және вокалдық үйірмелердің, жоғары оқу орындарының ұйымдастыру комитеттері конкурсқа ЖОО студенттері арасынан өнерлі жастарды таңдады. Олардың қа­тарында Е.Бөкетов атындағы Қара­ған­ды мемлекеттік университетінен Аян Жорабек, Қарағанды мемлекеттік тех­ника­лық университетінен Айғаным Қуат­бекқызы, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен Жәнібек Битенов, Қарағанды экономикалық универси­те­нінен Диас Бөген, «Болашақ» академиясынан Канат Көшкімбай бар.

Сондай-ақ, конкурстың ұйымдастыру комитеті «Екі жұлдыз» сайысына қаты­сушылар үшін бірлесіп өнер көрсе­тетін жұпты кәсіби вокалистерден таңдады. Олардың қатарында әнші, композитор Әлібек Саликов, «Х-Factor» және «Қа­зақстан дауысы» телевизиялық жо­ба­сының финалисті Фархат Сапан, үшінші телевизиялық «X – Factor» жоба­сы­ның жеңімпазы Евгения Барышева, «DUMAN» агенттігінің басшысы, «Su­perstar KZ» телевизиялық жобасының қа­­­тысушысы, «Жас қанат – 2006» рес­пуб­ликалық конкурсының лауреаты Ду­ман Баймағамбетов, халықаралық кон­­­­­­курстардың жеңімпазы, Қ.Байжанов ат­ын­дағы облыстық концерттік бірлестіктің со­листі Арайлым Жүкенова бар.

Қатысушылар бес жұп болып өнер көрсетті. Сайысқа қазылар құрамының басшысы әрі байқаудың қонағы «Арай» тобының әншісі Медет Көжекбаев төрелік етті. Жеңімпаздар ән орындаушылық шеберлігі бойыншы анықталды. Сондай-ақ, сахналық киім, қосымша мәнерлі құралдар(жарық, видео, подтанцовка) қою жағы назардан тыс қалмады. Оған қоса қазылар алқасы орындаушылардың ән сапасына көңіл бөлді.

Тәуелсіздікке арналған сайыстың бас жүлдесін, сондай-ақ, “Екі жұлдыз” атағына лайық үздік дуэт аталымын Арайлым Жүкенова және Диас Бөген жеңіп алды. Сайыстың екінші жұбы Әлібек Саликов және Аян Жорабек «Жалынды дуэт» атанды. Думан Баймағамбетов және Қанат Көшкімбай «Артис дуэт», Фархат Сапан және Айғаным Қуатбекқызына «Үйлесімді дуэт» атағы берілді. Сайыстағы «Кө­рермендер көзайымы» атағына Алмас Битенов лайық деп танылды.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.