Аймақ

Режиссерсіз, басшысыз жаңа маусым

Қарағандыдағы Константин Станиславский атындағы театр жаңа маусымды бастайды. Бұл жолғы өнер сапарына басшысыз шығады. Ұжымды басқарған Дунай Еспаев өз қызметінен 1 шілдеде кеткен. Мұны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов мәлімдеді.

 

Биылғы маусымның шымылдығы тоғызыншы қыркүйекте «Ромео мен Джульетта» спектаклімен ашылады. Маусымашарға белгілі режиссер Константин Мишин келмек. Арнайы қонақ бұрындары қарағандылық актерлерге шеберлік сыныптарын өткізген.

Қазір театр ұжымы премьераға дайындалып жатыр. Осы маусым бас режиссерсіз, директорсыз басталады.

– Иә, бұл шынымен де солай. Дунай Еспаев бірінші шілдеден бастап, театр директоры қызметінен кетті. Ол мұнда бас режиссердің міндеттерін де орындады. Әрине, жағдай ұжымға әсер етеді. Сонымен қатар, қазір театрда қызметтік тексерулер жүріп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша біз міндетті түрде ұжыммен кездесеміз, бәрін талқылаймыз. Біз маусымды директорсыз ашамыз. Бірақ, құзыретті басшылар мен режиссерлерді тиісті бос орындарға шақыру бойынша келіссөздер жүргіземіз. Сондықтан, жақын арада бұл мәселені шешеміз деп үміттенемін, – деді Еркебұлан Жұмакенов.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button