Ресми

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен  Қарағанды облысына келді

Сапар барысында Үкімет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді. Еліміздің орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына баса көңіл бөлінді.

Қарағанды облысында «Қарағанды – Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыс тексерілді. Аталған жоба бойынша биыл 187 шақырымда жол қозғалысы ашылады. Нысанды толық пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. «Қарағанды – Теміртау» және «Қарағанды қаласы айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін 61 шақырым жолды пайдалануға берумен аяқталады.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына барды.

Басқа материалдар

Back to top button