Бас тақырып

Провайдерлер Қарағандыдағы ұялы байланыстағы ақау себебін анықтауда

Астана, Қарағанды ​​және Қазақстанның басқа да бірқатар қаласының тұрғындары ұялы байланыс пен интернетке қосылу қиындағанын айтып, шағымдануда. Провайдерлер байланыстың үзілу себебін анықтап жатыр.
Сурет: sud.ua

17 шілдеде Kcell баспасөз қызметі Қазақстанның кейбір өңірінде ұялы байланыс пен интернетке қосылуда ақаулар бар екенін растады. Енді провайдер мәселенің себебі неде екенін анықтайды.

– Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалада дерек жіберу қызметі жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар қызметті жылдам қалпына келтіру үшін ақау себебін анықтап жатыр, – деп хабарлады Kcell компаниясының баспасөз қызметі.

Интернет қолданушылардың пікірінше, тек Kcell абоненттері ғана қиындықтарға тап болған жоқ. Zakon.kz басқа ұялы байланыс операторлары мен интернет-провайдерлерден түсініктеме күтеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button