Президент жарлығымен бірқатар азаматтар арнаулы әскери атақ алды
Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шен беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Ақорда сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, мына азаматтар шен алды:
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Асылов Берік Ноғайұлына;
генерал-лейтенант әскери атағы:
- Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына;
авиация генерал-лейтенанты әскери атағы:
- Қосанов Дәурен Жұматайұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына;
генерал-майор әскери атағы:
- Дәуітов Қайрат Сапарбекұлына,
- Есжанов Аян Әбдіғаниұлына,
- Жүнісов Төлеужан Сабырұлына,
- Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлына,
- Қазкеев Бекайдар Маратұлына,
- Поливанов Павел Константиновичке,
- Ыбыраев Ержан Уақасұлына;
авиация генерал-майоры әскери атағы:
- Нілдібаев Ержан Болатұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
- Бекжанов Нұржан Наурызұлына,
- Жұмабаев Марат Қабиденұлына,
- Наймантаев Алмас Тілепбергенұлына;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы:
- Ахметжанов Саян Қылышұлына,
- Жебегенов Мақсат Мырзаханұлына,
- Сарқұлов Ұлан Серікұлына;
экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
- Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлына,
- Әлиев Данияр Дұппайұлына,
- Исмагулов Нұржан Нығметұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
- Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлына,
- Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлына,
- Рысбаев Айдос Какашаұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Әбілов Берік Рақатұлына,
- Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлына,
- Өтегенов Ерлан Рахымжанұлына берілсін.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА