Бас тақырыпПрезидент

Президент сайлауы халқымызды биік мақсаттарға жұмылдыруы тиіс

“Nur Otan” партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президен сайлауының маңыздылығы туралы айтты.

«Еліміздегі билік сабақтастығын жалғастыру  Ата Заңымызға толық сәйкес келеді. Екі апта бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жан-жақты ойластырылып жасалған қадам. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері. Ол айқын саясат жүргізудің қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі.

Президенттік өкілеттігімді тоқтатқаннан соң, бірқатар елдердің басшыларымен сөйлестім. Көпшілігінен әлі күнге дейін хаттар келіп түсіп жатыр. Солардың барлығы билікті берудің өзіндік үлгісін жүзеге асырып жатқанымызға құрметпен қарайтынын жеткізді. Ең алдымен, алдағы Президент сайлауы халқымызды биік мақсаттарға жұмылдыруы тиіс деп санаймын. Еліміз үшін тұрақтылық пен татулықтан артық еш нәрсе жоқ. Тыныштықта өмір сүріп, алаңсыз еңбек еткенге, бақытты ұрпақ тәрбиелегенге не жетсін. Міне, ең бастысы осы», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 

Басқа материалдар

Back to top button