МедицинаАймақЖаңалықтар

Қызмет пен жауапкершілік

Приозерск қалалық ауруханасының жедел жәрдем қызметкерлері жауапты кезекшілікте жүрсе де, уақыт тауып, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Ақ халатты абзал жандар қала тұрғындарының денсаулығын күзетумен қатар, азаматтық міндеттерін де назардан тыс қалдырмады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Олар №229 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Күнделікті қызметінде адам өмірі үшін аянбай еңбек ететін медицина мамандары үшін халықтың амандығы мен елдің тұрақтылығы қашанда маңызды.

– Кезекшілікте болсақ та, сайлауға қатысуды азаматтық міндетіміз деп санаймыз. Елдің болашағы мен қаламыздың дамуы үшін әрбір дауыс маңызды. Халыққа қызмет ету – біздің басты міндетіміз, – дейді Приозерск қалалық ауруханасының жедел жәрдем қызметкерлері.

Бұл – азаматтық парызға адалдық пен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

ПРИОЗЕРСК

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button