Бас тақырыпКоронавирус

Президент карантин шараларының орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Президент өз сөзінде қабылданған карантиндік шаралар індеттің ел аумағында жаппай таралуын бәсеңдеткенін және жағдайдың бақылауда екенін айтып өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда   Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауру жұқтырған азаматтардың көбейгеніне алаңдаушылық танытты. Осыған орай, қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.  

– Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз. Оған қоса, көктемгі егіс науқаны басталды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша бірқатар жобалар қолға алынады. Осындай уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуалға айрықша назар аударуымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет. Мемлекеттік комиссия аймақтардағы карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс, – деді Президент.

Басқа материалдар

Back to top button