Бас тақырып

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Асламбек Мерғалиев:

– еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмыстарының барысын таныстырды;
– сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты;
– сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button