Бас тақырып
Пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды
Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыз бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі. Стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі. Ал, тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.
Мәліметтерге сүйенсек, Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі, 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.