Жаңалықтар

Пилоттық жобаның пайдасы мол

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 2018 жылы бірнеше мемлекеттік органдарда, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде пилоттық режимде факторлық-балдық шкала және ауыспалы бөлік-бонустар негізінде тіркелген бөліктен тұратын еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.

Оның басты мақсаты – еңбекақы төлеуде теңгермешіліктен бас тарту және мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандырудың пәрменді тетігін жасау. Нәтижесінде Департаменттегі лауазымдық жалақы 2 есеге өсті, бұл орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік мемлекеттік органдар арасындағы сәйкессіздікті 70%-дан 10%-ға дейін қысқартты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруда ұйымдастырушылық құрылым оңтайландырылды. Біріншіден, бос жұмыс орындарын ауыстыруға мораторий енгізілді. Бұл атқарушы буынға 30% дейін ай сайынғы үстемеақы төлеуге мүмкіндік берді.
Екіншіден, халықаралық тәжірибеге сәйкес, Агенттіктің орталық аппаратында HR-процестер бойынша қызмет көрсету орталығы құрылды. Кадр қызметі барлық бұйрықтарды енді электронды форматта дайындайтындықтан, жұмыс тиімділігі артты.
Бұдан бөлек, Агенттікте бухгалтерия, мемлекеттік сатып алу және Заң қызметі орталықтандырылды, бұл аумақтық департаменттердегі қосалқы қызметтерді оңтайландыруға және бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда, пилоттық жоба аясында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша бонустар, яғни еңбекақы төлеудің ауыспалы бөлігі төленді. Төлем сомасы бағалау деңгейіне және бір жылда қызметкердің нақты жұмыс істеген күндерінің санына тәуелді, бонустық төлемдер шамамен – миллион теңгеге. Осыдан-ақ, департамент қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы айтарлықтай жақсарғанын көруге болады.
Талант МЕДЕТ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының орынбасары:
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу ең алдымен жалпы мемлекеттік қызмет имиджін көтеруге мүмкіндік берді, еңбекке әділ ақы төлеуді құрды, әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арттырды және Департамент қызметкерлері алға қойған мақсаттары мен нәтижелеріне ол жеткізуге мүдделі.
Ал, департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Олжас Бұрханов болса, «Жаңа жүйе әріптестерімнің және өзімнің өміріне оң әсерін берді. Биыл отбасын құру ойымда, жинаған бонустарымды соған жұмсаймын.
Отбасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, департаменттің жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшуі өміріміздің жақсаруына және жақындарымызға қол ұшын созуға мүмкіндік берері сөзсіз» дейді.

Басқа материалдар

Back to top button