Жаңалықтар

Пилоттық жоба қолданыста

Бүгінгі таңда Қазақстанда өзінің тиімділігін даусыз дәлелдеген «Виртуалды сот» жүйесі пилоттық жобасы халық үшін қолжетімді бола бастады. Осынау ұтымды үрдісті қолданысқа енгізуді Ұлытау аудандық соты да батыл түрде қолға алып отыр.

Жуырда Ұлытау аудандық сотының судьясы Сәрсен Сағатовтың бастамасымен азаматша К.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 73-1 бабының 1-бөлігіне жататын әкімшілік іс «Виртуалды сот» әдісі негізінде «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қаралды.

Мобильді бейнеконференция байланысы басқа жақтарда орналасқан соттарға баруға шығындалатын уақыт пен қаражатты үнемдеп, істі жылдам қарауға ыңғайлы, яғни, қай тұрғыдан алып қарастырғанда да тиімді жоба болып табылады.

Қазіргі уақытта «Виртуалды сот» жүйесімен таныстыру және оны оңтайлы пайдалануды жандандыру мақсатында аудан тұрғындары арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақмаржан ҚАЛЕКЕНОВА,

 Ұлытау аудандық сотының бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button