ЖаңалықтарСпорт

Отбасылық турнир ту көтерді

Жуырда «Шахтер» стадионы қызметкерлері Қарағанды қалалық спорт бөлімімен бірлесе отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Отбасы күніне арналған ІІ қалалық «Шағын футболдан отбасылық турнир» өткізді.

Шараның басты мақсаты – отбасы мәнін арттырып, оның құндылығын дамыту және ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайта түсу. Бұл шара кеншілер қаласында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Салауатты өмір салтын насихаттап, бос уақытты отбасымен бірге өткізуді ту еткен стадион қызметкерлері осы шараны осымен екінші мәрте ұйымдастырып, дәстүрге айналдыруда.

2016 жылдың үздік отбасылық футбол командасы атағына таласуға барлығы 11 команда ниет білдірген екен. Сайыстың басты талабы бойынша барлық отбасы мүшелерінің тегі бір болуы тиіс екен. Яғни, әкесі, шешесі, ағасы, баласы, немересі және тағы сол сияқтылар. Қатысушылардың жасы мен жынысына шектеу қойылмайды. Ал, қатысуға ниет білдірген командаларды тіркеу жұмыстары Қарағанды қаласының балалар мен жеткіншектер клубтарында жүргізіліпті.

Сонымен, сынға түскен 11 отбасылық команданың арасында жүлделі 3-орын «Ақниет» командасына (Мүтәләповтер отбасы), 2-орын – «Көшім» командасына (Құсайыновтар отбасы), ал байрақты 1-орын «Жігер» командасына (Түлековтер отбасы) бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Бабырбек Рузиматов, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша Азамат Заутбеков марапатталды. Ал, сайыстың ең ересек ойыншысы болып 59 жасар Марат Мүтәләпов танылды. Жеңімпаз командалар естелік кубоктармен, дипломдармен, қатысушылар медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық футбол қауымдастығы номинациялар бойынша өз сый-сияпаттарын жасады.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button