Бас тақырыпСпорт

Отандастарымыз Солтүстік Ирландия құрамасын жеңді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде отандастарымыз Солтүстік Ирландия құрамасын екінші кездесуінде де жеңді.

«Астана-Арена» стадионында өткен ойынды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тамашалады.
Сонымен қатар, Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де арнайы келген.

Естеріңізге сала кетейік, қос команда арасындағы кездесу 0:1 есебімен ұлттық құраманың пайдасына шешілген еді.

Ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Ойынның 27-ші минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қақпаға допты тоғытты. Бұл – ақтөбелік футболшының ұлттық құрама сапында соққан үшінші голы.

Екінші таймның алғашқы минутында алаң иелері шабуылға шыққан болатын. Алайда, таблодағы есеп сол күйі өзгеріссіз қалды. Осылайша ұлттық құрама кезекті кездесуінде жеңіске жетіп, Н тобында 12 ұпаймен ІІ орынға көтерілді.

Енді Қазақстан құрамасы 14 қазанда сырт алаңда Дания құрамасымен, 17 қазанда Финляндиямен кездеседі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button