Спорт

Қос күміс – Қарағандының абыройы

Қарағандылық таэквондошылар Түркиядағы әлем чемпионатынан абыроймен оралды. Қоржында – қос күміс пен бір қола.

Түркияның Самсун қаласында құлағы нашар еститін спортшылар арасында өткен жаһан додасына әлемнің қырық мемлекетінің өкілдері қатысты. Ұлттық құрама сапында барған қарағандылық үш спортшы осы бәсекеден үш медальды олжалап әкелді. 58 келі салмақта Аян Әбдіраш пен +72 келі салмақта Валентина Антоненко күмістен алқа тақса, 57 келі салмақта Елена Салмина үшінші орыннан көрінді. Қарағандылықтар таэквондо өнерінің «WTF120» нұсқасында сынға түсті.

Бұлардың үшеуі де – Қарағанды таэквондо мектебінің шәкірттері. Бапкерлер – Руслан Ишанов пен Хабдолла Төлегеновтің қол астында жаттығады. Ұстаздары Аяннан көп үміт күтеді. Келесі жылы құлағы нашар еститін спортшылар арасында Олимпиада ойындары өтеді. Аян мен Елена осы ойындардың жолдамасын ұтып алған. Валентинаның да қатысып қалуы мүмкін. «Аян Олимпиадада топ жарады» деген үмітіміз бар», – дейді бапкерлер.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button