Спорт
Қоржында-қола
Қарағандылық Әлібек ЕРМЕКБАЙ «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарынан жүлделі оралды.
Ресейдің Якутск қаласында өткен спорттық ойындарға қырыққа жуық елден 2841 спортшы қатысқан. Олар спорттың 22 түрі бойынша 211 медальді сарапқа салды. Осынау додада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Әсіресе, таэквондошыларымыз ерледі. Кәрістерден басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Міне, Әлібек те таэквондодан өнер көрсетті. Турнирдің қола жүлдесін қоржынға салды. Жаттықтырушысы – Арнат Сейтенов.
Бұл – халықаралық жарыс, енді, 2020 жылы Монғолияда өтеді.
Жарайсың, Әлібек!
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.