Бас тақырып

«Орталық» – үздік бестікте

Cүйінші! 90 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақ, Арқаның бас басылымы – облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газеті республикадағы аймақтық басылымдардың үздік бестігіне енді. Ақжолтай жаңалық «Қазпошта» акционерлік қоғамы таратқан ресми хабарламада мәлімденді.

Қазақстанда тарайтын 543 аймақтық басылымның арасында оқылымы бойынша үздік бестіктеміз. Бұл – үлкен олжа, ортақ абырой. Яғни, «газет оқылмайды» деген пікірдің жаңсақтығы дәлелденді. Ормандай оқырманы барда, газет өз құнын жоймақ емес.

Биылғы жыл газетімізде мазмұндық, дизайндық жаңартулар болғанын да айта кеткен жөн.

D-2 форматына ауысумен қатар, ай сайын шығатын салалық арнайы беттер жаңартылды. «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Журналист мамандығын аусытырады», «Тал бесіктен – жер бесікке дейін» сынды бірқатар жаңа айдар қосылды.

Салмақты сараптама, түрлі талдама әрі сын бағытындағы мақалаларымыз қалың оқырманның көңілінен шығуда. Өз кезегінде жаңа бастамаларымызды патша көңілді оқырман қуана құптап, ризашылығын білдіріп келеді. Аймақтық «SARYARQA» телеарнасында эфирге шығатын «Ақпарат ағыны» бағдарламасында да «Орталықтың» ойлы дүниелері үнемі жұрт назарына ұсынылуда.

Сонымен қатар, заман ағымына сай газеттің «Ortalyq.kz» жеке сайты жұмыс істеп тұр. Газетке шыққан тұщымды дүниенің барлығы сонда жарияланады.

Сөз соңында аймақтың бас басылымына ІІ-жартыжылдыққа жазылу басталғанын да атап өткіміз келеді

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button