Жаңалықтар

Он бес адам құтқарылды

Қарағандылық өрт сөндірушілер он бес адамның өмірін құтқарып қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 22 қазан күні сағат 21:09-да болған.

Құтқарушылар өрт туралы хабарды алысымен алты минуттың ішінде оқиға орнына барып, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісіп кетті. Өрт жертөледегі ағаш құрылғылардан шыққан. Пәтерлер мен баспалдақ алаңын қою түтін басып қалады. Тұрғындардың бір бөлігі сыртқа дер кезінде шығып үлгерген. Ал, 6 бала мен 9 ересек адам іште қалып қойған. Құтқару қалпақтарын пайдаланған өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен тұрғындарды сыртқа алып шықты.

Өрт сөндірушілердің уақытылы әрі ұтымды қимылдарының нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталып, пәтерлерге тарауына жол берілген жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button