Олжас Бектенов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде өз таңдауын жасады,деп хабарлайды Ortalyq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру үшін Қазақстан аумағында және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер жанында барлығы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстанның өкілдіктері жанында 79 учаске бар
Сайлау күні алғашқы 23 сайлаушыға жаңа Конституцияның арнайы даналары табысталды.
Құрылтай сайлауы еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі ретінде өтіп жатыр. Дауыс беру барысында азаматтар жаңа бір палаталы парламенттің депутаттарын таңдауға мүмкіндік алады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



