Басты тақырыпСпорт
Олимпиададан олжалы оралды
Демалыс уақыты болса да оқушыларымыз демалып жатпай, аймақ атын шығаруда. Жақында математика, физика, химия және информатикадан өткен халықаралық «Туймаада-2016» олимпиадасына қатысып, қанжығаларын майлап қайтты.
Саха Республикасының Якутск қаласында өткен білімділер бәйгесінде ТМД елдерінен 22 команда жиналып, 200-ге жуық бала бақ сынасты.
Бір аптаға созылған сайыс қорытындысында аймақ атынан қатысқан №1 қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Дамир Дүйсембаев химия пәні бойынша қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, осы оқу орнының 10 сынып оқушысы Нұртілек Несіпбай мен №3 қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Мұхтар Құсайынбеков сертификаттармен марапатталды.
Жансая ОМАРБЕКОВА