Байқау

Ой бәйгесінің жүлдегерлері

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында аймақ жастары арасында «ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойынының финалдық сайысы өтті.

Аталмыш бақ сынасудың мақсаты – жас ұрпаққа адамгершілік және интеллектуалды тәрбие беру. Сонымен қатар, жеке тұлғаның рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және жастарды әдебиетті оқуға баулу. Ойын 3 айналымнан тұрды. Алғашқы айналымда қатысушы лар өз топтарын таныстырды. Ал, ІІ айналымда теле-таблоны пайдалана отырып, «Тәуелсіздік жолында», «Қазақ әдебиеті», «Айтулы даталар» тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. ІІІ айналымда қатысушылар қоғамда болып жатқан тақырыптар төңірегінде өз пікірін бүкпесіз білдірді. Алғашқы іріктеу кезеңінің жеңімпазы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы атынан қатысқан «Тұран» тобы деп танылды. Ал, II іріктеу ойынының жеңімпазы № 27 жалпы білім беретін мектептің «Самғау» тобы, III-ші іріктеу кезеңінің жеңімпазы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясынан келген «Мағжан жастары» тобы деп танылды.

Байқауға қатысқан топтарға қазылық еткендер қатарында «ҚР Құрметті азаматы», «ТМД елдерінің үздік педагогы», Қарағанды медицина университетінің «Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының» асисстент-профессоры – Камшат Абдрахманова, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ тіл бөлімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты – Мархаба Тұрсынова және жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы – Бақыт Мырзатаева бар. Ой додасы басталмас бұрын кітапхана басшысы Нұргүл Каленова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің әншілері «Мен қазақтың баласы» әнін орындап жиылған қауымға рух сыйлады.

Ойын жеңімпаздары облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы дипломы һәм бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button