Облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Әріптесіміз, «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Қасымхан Ғалым жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Байқаудың бас жүлдесін «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы, «Орталық» мектебінің тезінен өткен журналист Қуаныш Аманқұлов иеленді.

Жүлдегерлер қатарында, «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Қайрат Абдолла, , «Индустриальная Караганда» басылымының тілшісі Фархат  Кинжитаев, «Сарыарқа» телеканалының корреспонденті Жанбота Рахметолла, «5 арна» телеканалы, «Ekaraganda.kz» порталы, «Шет шұғыласы» және «Сельский труженик» газеттері, сондай-ақ, «Life 09» ақпараттық агенттігінің ұжымы бар.