Бас тақырып

Облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағандыда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға өңірдің жаңа бастығын таныстырды. ҚР Президент әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы болып генерал-майоры Санжар Адилов тағайындалды. 

Ведомства басшысы жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірбиесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орынында жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзулинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орынына сәттілік тіледі. 

Ведомства бастығы Қарағанды облысының полиция басшылығы мен жеке құрамның алдына полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемалық бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру бойынша міндеттер жүктеді. 

Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 

Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.

Осы тағайындауға дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button