Облыстық Абай оқулары байқауы өтті

Қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың туған күніне орай Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жастар әлемі» ғимаратында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Жастар арасында Абайдың туындыларын, сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты белгілі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы тіл мәдениетін арттыру, көркемсөз шеберлерінің жаңа есімдерін анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқау 2 кезеңді қамтыды: прозалық шығармадан үзінді оқу, мәнерлеп өлең оқу.

Қатысушылардың өнеріне Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. Әбдуов, облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бас редакторы Е.Мұсабеков, Қазақстанның Құрметті журналисі Ә. Тойжігіт, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры А. Игенова, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актрисасы М. Әнуар баға берді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенті Бижан Мәди еншілесе, ІІ орынмен Шет ауданының жеке кәсіпкері Ахметбек Мариям, А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті Марат Алтынай марапатталды. ІІІ орын Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 3 курс студенті Марат Нұрдәулет, Шет ауданы Нұраталды мәдениет үйінің меңгерушісі Шынар Терликова, Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының әдіскері Гүлжан Секербайдың қанжығасына байланды.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.