Облыс әкімі оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Бүгінгі күміс қоңырау үні Сіздер үшін балдәурен балалық артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілудің белгісі сияқты. Жас түлектерге алдағы сынақтарда жоғары нәтижеге жетіп, еліміздің білікті де білімді маманы болуларыңызға тілектеспін. Бұл таңдау саналы түрде шешім қабылдауды, батыл қадам жасауды қажет етеді.
Біздің елімізде де, шетелде де мемлекеттік қызмет пен ірі компанияларда жоғары оқу орнын бітірген жастар табысты еңбек етуде. Бұл дарынды және мақсатты адамдардың өмірде әрқашан өз орнын табатынын растайды. Арманға берік, батыл, креативті болыңыздар. Естеріңізде болсын, қазіргі заманда білім ең құнды байлық!
Барша жас түлектерді алдағы сынақта жоғары нәтижеге жетіп, еліміздің білікті де білімді маманы болуларыңызға тілектеспін. Денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы