Бас тақырып

Облыс әкімі Мемлекеттік рә­міздер күнімен құттықтады

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мемлекеттік рә­міздер күнімен шын жү­ректен құттықтаймыз! 1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері Көк байрақ, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран бекітілді. Олар біздің ұлттық бітім-болмысымыздың және халқымыздың өр рухының символы іспетті. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – еліміздің тарихына, мемлекет пен мемлекеттік тілге, бізді біртұтас халық ретінде қалыптастыратын мәдениет пен дәстүрге құрмет көрсету деген сөз.

Мемлекеттік рәміздер бізді мемлекеттік мерекелер мен спорт­шылар жеңіске жеткен ме­­рейлі сәттерде біріктіріп, пат­риоттық сезімімізді нығайтып, рухымызды көтереді. Мем­ле­кет­тік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік пен ке­лісімге негізделген ең ма­­ңызды құндылықтарының кө­рінісі.

Біз сіздерді осы маңызды мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, бар­лығыңызға бақыт пен аман­дық тілейміз. Қазақстан өркендеп, бірлігіміз нығайып, Тәуелсіздік туы бейбіт аспанымызда желбірей берсін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button