Білім

Оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсырады

Жыл соңында мектеп оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова айтты.

Сурет: anatili.kazgazeta.kz

Мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру Білім Министрлігінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған.

– Қазақ тілі бойынша емтихан қазақ тілінде оқытатын мектептерде 5, 6, 7, 8-сыныптарда, сондай-ақ 10-сыныптарда қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша бағдарламаларды меңгеру деңгейін бағалау үшін өткізіледі. Емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді, – деді Гүлбақыт Жүнісова.

Емтиханды өткізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі белгілейді, ал тапсырмаларды педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button