Жаңалықтар

Оқушы қауіпсіздігі – назарда

    Шаһарымыздағы тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернатында облыстық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол қозғалысы» атты шығармашылық сайысын ұйымдастырды.

Аталмыш білім ұясының оқушылары сақшылар ұйымдастырған жол ережесін сақтауға дәріптейтін сайысқа белсене қатысты. Сондай-ақ, мектеп-интернатының шәкірттері сурет, түрлі қолөнер композицияларын жасап, жол ережесін сақтауға дәріптейтін арнайы қойылымдар көрсетті. Жұртшылық назарына көрме ұсынды. Түрлі-түсті суреттер, жарқырайтын таспалардан жасалған көлөнер үлгілері көптің көңілінен шықты.

Осы күні оқушы жас инспекторлар жол ережесін сақтауға дағдылайтын үгіт-насихат тобын құрып, шеберліктерін танытты.

Оқытушылар мен полиция қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы, шығармашылық сайыстың жеңімпаздарын анықтады. Барлық қатысушыларға мадақтама қағаздары мен арнайы сыйлықтар табыс етті.

Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button